Бүгін, 2022 жылғы 24 қыркүйек күні «МӘСҚ» АҚ Бас директоры Кемел Нұрсұлудың басшылығымен мобильдік топ мүшелері Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Кеңес және Бірлік ауылдық округтерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

24 Қыркүйек 2022

Мобильдік топ мүшелері тұрғындарға Әлеуметтік кодекс жобасы аясында ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты түсіндірді.

Кездесуде мемлекет Басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерінің арттырылатыны (табысты ауыстыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін артады) айтылды. Сондай-ақ, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылатын болады. 

Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдау жүргізіліп, оларға толық жауаптар берілді. 

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка