24-28 қазанда " Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры "АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел Марокко Корольдігі, Марракеш қаласында өткен дүниежүзілік әлеуметтік қамсыздандыру форумының жұмысына қатысты
Форум аясында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының 34-ші Бас Ассамблеясы мен 39-шы Кеңесінің сессиясы өтті.
Осы маңызды халықаралық іс-шараға әлемнің 161 елінің 321 ұйымынан 1300 делегат әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы реформалардың стратегияларын қарастыру үшін жиналды.