Астанада еңбек нарығының трансформациясы және жасанды интеллекттің кең таралуы жағдайындағы әлеуметтік сақтандырудың келешегі талқыланды
2026 жылғы 28 сәуірде Астанада өткен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 14-ші қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі – KIOSH 2026 аясында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның «Еңбек трансформациясы дәуіріндегі әлеуметтік сақтандыру: жауапкершіліктің жаңа архитектурасы және жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбындағы панельдік сессиясы өтті.
Сессия модераторы ретінде Қордың Басқарма төрағасы Алмас Курманов сөз сөйледі.
Талқылауға Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы және Еуропалық одақ елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі, платформалық экономиканың кеңеюі және жасанды интеллектіні енгізуге байланысты негізгі сын-қатерлерді қарастырды. Жүйені жұмыспен қамтудың жаңа нысандарына бейімдеу, сондай-ақ мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілік тепе-теңдігін айқындау қажеттігі атап өтілді.
Тәуекелдерді болжау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыру және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бағыттарында цифрландыру мен жасанды интеллекттің әлеуетіне ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесін неғұрлым икемді, технологиялық және адамға бағдарланған бағытта дамыту қажеттігі айтылды.
Сессияның практикалық нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры арасында әріптестікті дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Панельдік сессия еңбек нарығының трансформациясы жағдайында әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі жаңғырту тәсілдерін қалыптастыруға арналған маңызды алаңға айналды.