Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді болжаудың заманауи тәсілдерін талқыланды

16 Қазан 2026
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді болжаудың заманауи тәсілдерін талқыланды

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Әлеуметтік-экономикалық болжаудағы микросимуляция және басқа да заманауи тәсілдер» тақырыбында халықаралық вебинар өтті.

Іс-шара барысында сарапшылар заманауи технологиялардың көмегімен елдегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің халықтың табысы мен тұрмыс жағдайына ықпалын алдын ала бағалау мүмкіндіктерін талқылады.

Вебинарға Назарбаев Университетінің доценті Владимир Козлов, Халықаралық микросимуляция қауымдастығының президенті, Ирландияның Голуэй университетінің өкілі Катал О’Донохью және аталған қауымдастықтың бас хатшысы, Түркиядағы Адана Алпарслан Түркеш ғылым және технология университетінің доценті Зейнеп Гизем Джан қатысты. Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің ғылыми орталығының директоры А.К. Соловьев модераторлық етті.

Негізгі назар микросимуляциялық модельдеу әдісіне аударылды. Бұл тәсіл әртүрлі санаттағы азаматтардың жағдайын жеке қарастырып, қабылданатын шешімдердің оларға ықтимал әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, жалақы, әлеуметтік аударымдар немесе төлемдер мөлшері өзгерген жағдайда оның халықтың жекелеген топтарына қалай әсер ететінін есептеуге болады.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты болжамдарымен бөлісіп, есептеулердің дәлдігін арттыру жолдарын қарастырды. Атап айтқанда, сенімді деректерді пайдалану, маңызды факторларды ескеру және ықтимал тәуекелдерді анықтау мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да осындай есептеулер жүргізуге арналған өз моделін әзірлеуде. Бұл құрал әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі ықтимал өзгерістерді талдауға, алдағы кезеңдерге қажетті қаржы көлемін жоспарлауға және жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибе алмасу Қордың талдау құралдарын жетілдіруге және әлеуметтік сақтандыру саласында нақты деректерге негізделген шешімдер қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка