Төлемнен еңбек өтіліне дейін: Талғар тұрғындары мамандардан тікелей кеңес алды

20 Қазан 2026
Төлемнен еңбек өтіліне дейін: Талғар тұрғындары мамандардан тікелей кеңес алды

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалы Талғар қаласында Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының өкілдері қатысты. Тұрғындар мамандарға тікелей жүгініп, әлеуметтік төлемдер, зейнетақылар мен жәрдемақылар алу шарттары жөнінде түсініктеме алды.

Кездесу барысында зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелері, соның ішінде тұрғындарды толғандырған мынадай сұрақтар қаралды:

- Әлеуметтік аударымдардың түсуін қалай бақылауға болады?

- Артық төленген сомаларды қалай қайтаруға болады?

- Еңбек өтілін қалай растауға болады?

Қор филиалының мамандары Әлеуметтік кодекске енгізілген өзекті өзгерістер мен толықтыруларды, ең төменгі жалақыдан аз кірістен әлеуметтік аударымдар төлеу тәртібін, сондай-ақ қызметтерді проактивті форматта алу мүмкіндіктерін түсіндірді. Зейнетақыны есептеу тәртібіндегі өзгерістерге, еңбек кітапшаларындағы жазбаларды тексеруге және міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат алуға ерекше назар аударылды.

Әлеуметтік қорғау жүйесіне кіретін бірнеше мекеме өкілінің бір алаңға жиналуы азаматтардың сауалдарына құзыретті мамандардан жауап алуына мүмкіндік берді. Тұрғындарға кеңес берумен қатар, мамандардың кәсіби білімін жетілдіру де мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды.

Қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, әлеуметтік желілердегі ресми ақпарат арналары мен кері байланысқа арналған телефон нөмірлері ұсынылды. Бұл тұрғындарға кездесуден кейін де қажетті мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Іс-шара халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға және өңірдегі әлеуметтік қорғау мекемелерінің өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталды.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка