СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕУ

5 Қазан 2026
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕУ

Елімізде жыл сайын қыркүйек айында Қазақстан халқының тілдері күні атап өтіледі. Тілдер айлығы аясында барлық өңірде тіл мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға және ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар легі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратының қызметкерлері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері Астана қаласындағы қазақтың көрнекті ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинге арналған музейге барды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық мұрасы, оның елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі рөлі туралы айтылды. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллин мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарған кезеңде қабылданған құжаттардың тарихи маңызы түсіндірілді.

Музейге бару – қызметкерлердің тілдік және мәдени сауатын арттыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Аталған шара Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» бастамасының негізгі идеяларымен толықтай үндестік табады. Бұл отандық әдебиетке және қазақ авторларының шығармаларына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка