Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер артады

20 Қазан 2023
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер артады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7% - ға ұлғайту көзделуде.

Мұндай арттырумен еңбекке қабілеттілігінен айырылған 87 мыңға жуық адам және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасы қамтылады. Осы мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, ҚР Үкіметі жыл сайын еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайына төлемдердің мөлшерін арттыруды жүргізеді.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка