Өз құжаттардың қаралу барысы туралы қалай білуге болады?

18 Қаңтар 2022
Өз құжаттардың қаралу барысы туралы қалай білуге болады?

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры үнемі айқындылық пен ашықтықтың артуымен жұмыс істейді, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтар үшін қосымша ыңғайлы ақпаратты ұсыну қызметін құруға тырысады. Азаматтарды ақпараттандыру бойынша осындай қызметтердің біреуі тағайындау мәртебесі туралы ақпаратты алу жүйесі болып табылады.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттар берген мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары өз өтініштерін қарастыру барысы туралы «МӘСҚ» АҚ сайтында жылдам ақпарат ала алады.

Жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) терсеңіз жеткілікті және Сіз әлеуметтік төлемдерге құжаттарды қарастыру барысы туралы ақпаратты аласыз.

Қызмет www.gfss.kz сайтының «Электрондық қызметтер/Әлеуметтік төлемдердің тағайындалу барысы туралы» ақпарат бөлімінде қолжетімді

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка