2023 жылғы 20 қазанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Бас директоры Н. Кемел ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштері туралы баяндама жасады

20 Қазан 2023
2023 жылғы 20 қазанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Бас директоры Н. Кемел ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштері туралы баяндама жасады

Нұрсұлу Кемел өз сөзінде Қордың ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары, Әлеуметтік кодекстің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған жаңа нормалары туралы айтып, жүйенің ағымдағы сын-қатерлері мен даму перспективаларын белгіледі.  

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Есепті кезеңде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша электрондық қызметтердің үлесі 57% - ға жетті.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау барысында жұмыс беруші артық төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған жағдайда, соңынан төлеушіні қайтару мүмкіндігі туралы хабардар ете отырып, әлеуметтік аударымдарды азайту жағына түзету тетігі енгізілді.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдайға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен 6,6 млн жуық жұмыс істейтін азамат қамтылған. Қордан 1 млн. астам алушыларға 543 млрд. теңге сомаға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка