«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әділ жұмыс істеуінің кепілі

9 Қыркүйек 2026
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әділ жұмыс істеуінің кепілі

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен алу кезінде заң талаптарын сақтау – қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды кепілі. Бұл бағытта «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының маңызы зор.

Осы жұмысты жүзеге асыру аясында Қор басшылығы Қызылорда облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Б. Нарғозиевпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде туындайтын тәуекелдерге талдау жүргізіліп, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу мүмкін болатын схемалар, оның ішінде Қызылорда облысындағы жағдайлар қаралды. Сондай-ақ олардың алдын алуға бағытталған нақты шаралар талқыланды. Атап айтқанда, бақылау тетіктерін жетілдіру, анық емес мәліметтерді уақтылы анықтау және белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселелеріне назар аударылды.

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді заңнама талаптарын бұза отырып алу фактілеріне ерекше көңіл бөлінді.Атап айтқанда, анық емес мәліметтерді ұсыну, нақты жағдайларға сәйкес келмейтін ақпарат негізінде төлемдерді рәсімдеу, сондай-ақ заңнамада белгіленген талаптарды айналып өту әрекеттері қарастырылды.

«Әлеуметтік төлем алуға заңды құқығы бар екенін және оны заңсыз алу фактісін нақты ажырату қажет. Мемлекеттік әлеуметтік қолдау азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар анық емес мәліметтер ұсыну немесе өзге тұлғаларды жаңылыстыру арқылы төлемді қасақана алу заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты біз әлеуметтік төлемдерді тағайындау рәсімдеріндегі тәуекелдерді анықтау, бақылау тетіктерін күшейту және жауапты қызметкерлердің заң талаптарын мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз», – деді Қор басқарма төрағасының бірінші орынбасары Б.У. Жүнісов.

Жұмыс кездесуі барысында уәкілетті органдар ұсынған бастамалар да қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша қолданыстағы құқықтық нормаларды жетілдіруге, әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде туындайтын тәуекелдерді төмендетуге және құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін күшейтуге бағытталған шаралар айқындалды.

«Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру маңызды. Бұдан бөлек, қызметтік жауапкершілік мәселесіне де ерекше назар аудару қажет. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау саласында қызмет атқаратын мамандар өздерінің лауазымдық міндеттерін қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес орындауға міндетті», – деп атап өтті Қызылорда облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Б. Нарғозиев.

Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік төлемдер саласында заңдылықты қамтамасыз етуге, анықталған кемшіліктерді жоюға, бақылаудың тиімділігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер айқындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка