"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар мен сыйақылар, дәрілік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, , оларға сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес салық салуға жататын жеке тұлғаның кірістерінен алып тасталған табысты айқындау кезінде төлеуші (жұмыс беруші) беретін кірістер туралы анықтама негізінде табыстың орташа айлық мөлшері ескеріледі..
Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 08 маусымдағы №217 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына" (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік емес БАҚ қызметкерлеріне тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу тәртібін көздейтін тиісті өзгерістер енгізілді. Қағидалар 2022 жылдың 10 қазанынан бастап күшіне енеді.
10 қазаннан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдары алушыларды әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш беру қажеттілігі туралы жеке хабардар ететін болады. Бұл ретте өтінішке әлеуметтік төлемді есептеу кезінде ескерілген кезеңге жұмыс берушіден кірістер туралы анықтама қоса берілуі қажет (анықтама нысаны Қағидалардың 5-1 – қосымшасымен бекітілген, оны келесі сілтемемен жүктеп алуға болады: https://gfss.kz/documents/1096/Справка_КАЗ_qOmUyuo.docx )
Қосымша әлеуметтік төлем қайта есептелген және тағайындалған төлем сомасы арасында айырмашылық болған жағдайда жүргізіледі.
Азаматтардың осы санатына қайта есептеу рәсімі мерзіммен шектелмейді, сондықтан қажетті құжаттарды тапсыру үшін жеткілікті уақыт бар.
Барлық сұрақтар бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
№ п/п |
Облыстың/аймақтың атауы |
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
| |
1 | МӘСҚ орталық аппараты | 8 (7172) 983-971 |
МӘСҚ филиалдары | ||
2 | Ақмола облысы | 8-(7162)-901-021 |
3 | Ақтөбе облысы | 8-(7132)-941-557 |
4 | Алматы облысы | 8-(7282)-601-026 |
5 | Атырау облысы | 8-(7122)-980-166 |
6 | Шығыс-Қазақстан облысы | 8-(7232)-293-242 |
7 | Жамбыл облысы | 8-(7262)-941-037 |
8 | Батыс-Қазақстан облысы | 8-(7112)-981-408 |
9 | Қарағанды облысы | 8-(7212)-940-021 |
10 | Қызылорда облысы | 8-(7242)-907-023 |
11 | Қостанай облысы | 8-(7142)-695-736 |
12 | Маңғыстау облысы | 8-(7292)-468-522 |
13 | Павлодар облысы | 8-(7182)-390-686 |
14 | Солтүстік-Қазақстан облысы | 8-(7152)-390-025 |
15 | Түркістан облысы | 8-(7252)-610-236 |
16 | Астана қаласы | 8-(7172)-695-547 |
17 | Алматы қаласы | 8-(7273)-121-159 |
18 | Шымкент қаласы | 8-(7252)-982-159 |