Тәуекелдерді басқару – бұл стратегияны әзірлеуден басталатын және ұйымның барлық қызметіне қатысты процесс. Ол МӘСҚ-ға әсер етуі мүмкін, ықтимал оқиғаларды анықтауға және осы оқиғалармен байланысты тәуекелдерді басқаруға бағытталған.

МӘСҚ тәуекелдерді басқару тәуекел иелерінің – Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің, құрылымдық бөлімшелердің және тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшенің қатысуымен жүзеге асырылады.МӘСҚ тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ)  барлық қатысушылардың рөлдері мен жауапкершілігін анықтауда теңдестірілген тәсілді ұсынатын «Қорғаныстың үш желісі» моделіне негізделген: кез келген ұйымда әрбір қызметкер өз функциялары шеңберінде тәуекелдерді басқару үшін ортақ жауапкершілікте болады.

ТБЖ-нің негізгі мақсаттары:

  • МӘСҚ тәуекелдерін уақтылы анықтау;
  • тәуекелдерді болдырмау және олардың салдарын қолайлы деңгейге дейін төмендету;
  • МӘСҚ Басқарма және Директорлар кеңесінің мүшелерін тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша хабардар ету;
  • тәуекелдердің қаржылық орнықтылыққа әсеріне, стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуіне және МӘСҚ беделіне мониторинг;
  • тәуекелдерді басқару саласындағы МӘСҚ жергілікті нормативтік актілерін актуалды жағдайда ұстау; 
  • МӘСҚ тәуекелдерді басқару мәдениетін дамыту, оның ішінде, жұмыскерлерді оқыту іс-шаралары арқылы.
  •  

МӘСҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен ТБЖ мынадай құжаттары бекітілді:

ТБЖ Саясаты - ТБЖ мақсаттарын, міндеттерін, принциптері мен әдістерін, жалпы ұйымдастырылуы мен процестерін айқындайды;

ТБЖ Қағидалары - әрбір процесте ТБЖ қатысушыларының қызметін реттейді; тәуекелдерді басқару процестерінің мерзімі мен кезеңділігін анықтайды;

Тәуекелдер тізілімі – тәуекелдер туралы құрылымдалған келесі ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тәуекелдердің атауы, тәуекелдердің сипаттамасы, тәуекелдер иелері, тәуекелдердің туындау себептері мен факторлары, тәуекелдерді жүзеге асырудың ықтимал салдарларының сипаттамасы, тәуекелдерді басқару шаралары, тәуекелдерді бағалау;

Тәуекелдер картасы – олардың деңгейлеріне байланысты, рет ретімен орналастырылған тәуекелдердің графикалық кескін түрінде берілген тәуекелдердің сипаттамасы.

ТБЖ жұмысының қазіргі кезеңінде оны МӘСҚ процестерінде енгізу бойынша шаралар жүзеге асырылуда, ТБЖ жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу, оның ішінде ағымдағы мониторинг барысында анықталған тәуекелдерді басқару  

процесіндегі кемшіліктерді хабарлау арқылы, анықталған кемшіліктерді жою бойынша түзету шараларын одан әрі жүзеге асыру.

Chatbot
X
Сәлеметсіз бе!
Здравствуйте!
1 - Қазақ тілін таңдау үшін
2 - Для выбора русского языка
Наверх