Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.12.2020 ж. №891 қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылуы жағдайына 70 074 алушыға және асыраушысынан айырылуы жағдайына 47 108 алушыға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% арттырылды.
Сонымен қатар, айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің артуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жасқа дайінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына қосымша міндетті зейнетақы жарналары есептеле отырып, осындай мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде тағайындалған 176 448 әлеуметтік төлем алушыға аталған төлемнің ай сайынғы мөлшері арттырылды.