Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- - жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын кірісті алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін арттырылды. Тұтастай алғанда ағымдағы жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем орта есеппен 13% - ға өсе отырып, арттырылған мөлшерде тағайындалады;
- - бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Ағымдағы жылы төлем 500 мыңнан аса ата-анаға тағайындалады.
Сондай-ақ, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасына базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5% - ға арттырылды.
Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жұмыс істемейтіндерге қарағанда жоғары.