МӘСҚ тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдер туралы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін жүзеге асырады.

2025 жылдың 1 жартыжылдығында МӘСҚ-дан 1 млн. аса адам жалпы сомасы 492,4 млрд. теңгеге әлеуметтік төлемдер алды, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9% артық.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысушыға бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-дан тағайындалатын төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін медициналық-әлеуметтік сараптама белгілеген кезеңге төленеді және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі.

По состоянию на 1 июля 2025 выплату по случаю утраты трудоспособности из ГФСС получили 94,4 тыс. участников системы на сумму 25,7 млрд. тенге, что на 11% больше по сравнению с аналогичным периодом 2024 года. Ежемесячный средний размер назначенной выплаты составил 70 574 тенге.

МӘСҚ-дан асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем жүйеге қатысушының асырауында болған тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-дан тағайындалатын төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындарға 23 жасқа толғанға дейін төленеді.

В отчетном периоде указанную выплату из ГФСС получили 64,8 тыс. семей, потерявших кормильца, на сумму 19,1 млрд. тенге, что больше на 12% по сравнению с аналогичным периодом 2024 года. Ежемесячный средний размер назначенной выплаты составил 72 528 тенге.

МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға жұмыстан шығу себептеріне қарамастан тағайындалады. Оны тағайындаудың негізгі шарты – жүйеге қатысушының жұмыссыз ретінде тіркелуі. Тіркелу арқылы қатысушы әлеуметтік төлемді тағайындау құқығына ие болады. Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және жүйеге қатысу өтіліне байланысты болады.

В январе-июне указанная выплата осуществлена на сумму 62,2 млрд. тенге, её получили 220,9 тыс. участников системы, что на 23% превысило количество получателей за январь-июнь 2024 года. Ежемесячный средний размер назначенной выплаты – 88 856 тенге.

Социальная выплата по случаю потери дохода в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей) из ГФСС назначается на все дни отпуска по беременности и родам.

Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Есепті кезеңде аталған біржолғы төлемді 116,1 мың болашақ ана жалпы сомасы 166,9 млрд. теңгеге алды, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8%-ға кем. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 556 736 теңгені құрады.

МӘСҚ-дан бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2025 жылғы 6 айда бұл төлем 129,2 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы орташа мөлшері 89 881 теңгені құрады. Төлем 218,5 млрд. теңге сомасында жүргізілді, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен қосымша деңгей есебінен жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыс істемейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Chatbot
X
Сәлеметсіз бе!
Здравствуйте!
1 - Қазақ тілін таңдау үшін
2 - Для выбора русского языка
Наверх