Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанның заманауи әлеуметтік-экономикалық қатынастарының маңызды әрі қажетті элементіне айналды. Оның өзге сақтандыру түрлерінен басты айырмашылығы материалдық қамтамасыз етілмеуден қорғау ретінде ұсынылуы және әлеуметтік әділеттілік принципі бойынша құрылған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылғанда, жүктілікке және босануға байланысты, сонымен қатар бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төлемдер жүйесі туралы МӘСҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры Болатбекова Гүлбағила «Хабар-24» арнасының «Талдау» бағдарламасы барысында айтып берді.
Видеобейне келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.youtube.com/watch?v=KG94BXaqqEs&index=9&list=PLpo94Gx3JhRnNcFCx7ysiKWHIEt_sfaRN