Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем жөніндегі сұрақтарға жауаптар

1. «Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар бар ма?

«Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына» 5-қосымшамен бекітілген

2. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТбк) тағайындау құқығы қашан пайда болады?

ӘТбк тағайындауға құқық – баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген бала туған күннен бастап туындайды.

3.Баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы бір жарым жасқа дейін асырап алған жағдайларда бала бір жарым жасқа толғанға оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТбк) тағайындау құқығы қашан туындайды?

ӘТбк тағайындауға құқық – баланы (балаларды) асырап алу немесе қамқоршы тағайындау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

4. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТбк) қандай кезеңге тағайындалады?

ӘТбк баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап немесе баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап бір жарым жасқа толған күнге дейін ай сайынғы негізде тағайындалады.

5. Екі және одан да көп бала туған кезде бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТбк) қалай тағайындалады ?    

Екі және одан да көп бала туған жағдайда ӘТбк әр балаға жеке тағайындалады. 

6. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем (ӘТбк) тағайындауға қанша уақытта жүгінуге болады?   

ӘТбк тағайындауға өтініш беру мерзімі ӘТбк құқық туындаған күннен бастап 18 айдан аспауы керек:

- баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен; 

- бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған күннен бастап 12 айдан аспайды.

7. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді (ӘТбк) тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?

ӘТбк мынадай құжаттар негізінде тағайындалады:      

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі - немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатжеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;

3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

Өтінішті және құжаттарды қабылдайтын маман «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті АЖ сұраулар қалыптастырады:

  • 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының АЖ;

2) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі, түзеу мекемелерінде бақылау шоттары туралы мәліметтер туралы АЖ;

  • 3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан туу туралы, баланы (балаларды) асырап алу туралы, неке қию туралы мәліметтерді қамтыған анықтама немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан неке туралы (алынған мәліметтерде ата-аналардың тегі ауысқан жағдайда) баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтитын анықтама не азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болу туралы мәліметтерді қамтитын анықтама бойынша "АХАТ" АЖ-ға ;

Банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.

Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай):

1) консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеуді растайтын құжат;

2) сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлік (куәліктер) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтамалар);

3) бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме;

4) қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат.

8. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТбк) тағайындауға өтініш қайда беріледі?

ӘТбк тағайындау үшін өтініш:   

  • «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне;
    «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (egov.kz)
    көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі электронды үкіметтің порталында (egov.kz) тіркеген кезде sms-хабарлама жолымен 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет алушының келісімін алған жағдайда проактивті қызмет көрсетіледі
    Kaspi , Halyk мобильді қосымшалары арқылы 
  •  

 

  •  

 

 

9. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТбк) қанша уақыт ішінде тағайындалады?

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды.Портал, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе проактивті қызмет арқылы жүгінген жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі төрт жұмыс күнін құрайды.

МӘСҚ ӘТбк тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге және өтініш берушіге сұрау жіберуге құқылы. Бұл peттe өтініш берушіні әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы бірақ, бiр айдан аспайтын мерзiмде, Мемлекеттік корпорация арқылы жазбаша немесе электронды нысанда хабардар етеді.

10. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем (ӘТбк) мөлшері қалай анықталады?

ӘТбк мөлшері мына формула арқылы анықталады:        

ӘТбк = ОАК * КАК, мұндағы:

ОАК – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кіріс мөлшері бала туған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішіндегі кірісітің орташа айлық мөлшері;

ОАК = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК24) / 24, мұндағы:

АК - әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін кірістерді, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) шегергендегі кіріс).

КАК – кірісті алмастыру коэффициенті 0,4-ті құрайды. 

Мысал

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыда бала туғанға дейін 2 жыл бойы:  

бірінші жылы еңбекақысы – 150 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 150 000 теңге – 15 000 теңге = 135 000 теңге),

екінші жылы еңбекақысы - 200 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 200 000 теңге – 20 000 теңге = 180 000 теңге) болды дейік.

Әрбір ай үшін кірістер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен ӘА есептеу объектісі негізінде айқындалады.  

24 айдағы кіріс сомасы: 12 ай. * 135 000 теңге + 12 ай * 180 000 теңге = 3 780 000 теңге.  

Алынған сома 24: СМД бөлінеді = 3 780 000 теңге / 24 = 157 500 теңге.

Табысты алмастыру коэффициенті (КЗД) = 0,4

ӘТбк = ОАК * КАК = 157 500 теңге * 0,4 = 63 000 теңге

Аталған сомадан 10% МЗЖ жарнасы 6 300 теңге ұсталып, алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады. Егер алушының 1 немесе 2-топтағы мерзімсіз мүгедектігі болса, онда МЗЖ оның келісімімен ұсталады.

Алушының банктік шотына ӘТбк = 63 000 теңге – 6 300 теңге = 56 700 теңге ай сайын аударылатын болады.

11. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемнің (ӘТбк) ең жоғары мөлшері белгіленген бе?

ӘТбк ең жоғарғы мөлшері 2024 жылы 238 000 теңгеден аспауы керек (әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 %).  

ӘТбк 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталатынын және алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылатынын ескертеміз.

12. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері белгіленген бе?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ӘТбк ең төменгі мөлшері:

- бірінші балаға –5,76 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 21 266 теңге;  

- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 25 143 теңге;

- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 28 983 теңге;

- төртінші және одан да көп балаға – 8,90 АЕК немесе 32 859 теңге.                                                                                                                                

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК = 3 692 теңге.

Бұл сомаға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаржысы есебінен 10% міндетті зейнетақы жарнасы алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.

13. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына, қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген, алушының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген жағдайларда әлеуметтік төлем кімге жүзеге асырылады?

Баланы толық мемлекеттік қамтамасыз етуге айқындау жағдайларын қоспағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының шешімі бойынша бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға ӘТбк тағайындалған сомасы мынадай құжаттардың негізінде жүргізіледі:

1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) қайтыс болу туралы куәліктің, хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің, ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімінің, баланы бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алушыны бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу туралы сот үкімінің;

3) қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы бұйрық немесе патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт немесе асырап алушы отбасына немесе отбасы үлгісіндегі балалар үйіне тәрбиелеуге беру туралы шарт.

14. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем(ӘТбк) қашан тоқтатылады?

ӘТбк мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алынған жағдайда мұндай тоқтату үшін негіз болып табылатын:

1) алушының қайтыс болғаны (сот хабар ошарсыз кетті деп немесе қайтыс болды деп жариялаған) туралы;

2) алушының әлеуметтік төлемдерді негізсіз тағайындауға әкелген дәйексіз құжаттар (мәліметтер) бергені туралы;

3) алушының әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты;

4) бала (балалар) қайтыс болған ай аяқталғанда;

5) балаға (балаларға) толықтай мемлекеттік қамсыздандыру белгіленген ай аяқталғанда;

6) ата-ана ата-ана құқығынан айырылу немесе шеттетілген, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда асырап алу туралы шешім күші жойылды деп танылған немесе күші жойылған қамқоршылар өз міндеттерін орындаудан босатылған немесе шеттетілген мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Наверх