Басты көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2020

2021

2022

Факт

Факт/бағалау

Бекітілген жоспар

9 айдағы бағалау/факт

% ауытқу (факттің нақты жоспардан)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі

%

99,3

74,9

70,2

76

108,3

2

Доля проведенных мероприятий по информационно-разъяснительной работе в регионах по вопросам обязательного социального страхования к установленному количеству мероприятий

%

100

223,5

100

199,8

199,8

3

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы

%

100

100

99,99

100

100

4

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы

%

 

100

99,99

100

100

5

Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі

%

  

30

48

160

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының 4-қосымшасына 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша түсіндірме жазба

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2022 жылға жоспарлы көрсеткіші - 70,2%.

Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына(Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі- статистика бюросы)сайтында жарияланған соңғы төрт тоқсандағы орташа саны)қатынасы ретінде есептеледі. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ).

ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушыларының саны 6 698,1 мың адамды құрады.2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 8 817,3 мың адамды құрады (3-тоқсандағы жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны туралы деректер статистика бюросы сайтында болмауына байланысты, бағалау 2022ж.01.07. жағдай бойынша жүргізілді).

Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 76% (6 698,1 * 100/ 8 817,3). Орындалуы-108,3%

 

2. «Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген іс-шаралардың үлесі (2022 жылы ҚР бойынша жылына 1 152-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 100%.

2022 жылдың 9 айында МӘСҚ және оның филиалдары МӘСЖ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы (бұдан әрі - АТЖ) аясында онлайн және офлайн режимінде 1 726 іс-шара өткізді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысқан қызметкерлердің жалпы саны – 69 276 оның ішінде 49 319 немесе 71,2 % әйелдер.

АТЖ бойынша 9 айдағы көрсеткіштің орындалуы - 199,8% (1726*100/864; жоспарлы көрсеткіш жылына - 1 152 іс-шара, 9 айда - 864 іс-шара).

Анықтама. Көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі төмендегілерге байланысты:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың 2022ж.05.05. әлеуметтік қолдау және 2022 жылы әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру мәселелері бойынша өңірлерде АТЖ жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындау;

2) Мемлекет басшысының 2022ж.01.09. Жолдауының және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Әлеуметтік кодекс жобасының негізгі бағыттары бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.К. Дүйсеновамен бекітілген 2022 жылғы қыркүйек – желтоқсан айларына арналған АТЖ өткізу жоспарын орындау.

 

3. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 99,99%.

2022 жылдың 9 айында МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 551 021 алушыға көрсетілді. 

Қызметтер заңнамада көзделген мерзімде көрсетілді.Орындалуы-100%.

 

4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 99,99%.

39 айында МӘСҚ филиалдары 560 азаматқа заңнамада белгіленген мерзімде қызмет көрсетті, бұл жоспарланған мәнніңорындалуының 100% - ына сәйкес келеді.

 

5. «Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға - 30%.

2022 жылдың 9 айында МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 551 021 адамды құрады, оның ішінде электрондық форматта-264 456 немесе 48%.

Орындалуы-160%.

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх